Орталық Азиядағы негізгі екі экономика – Қазақстан мен Өзбекстан үш жыл бұрын одақтас мемлекет атанды. Сарапшылар әр салада реформа енгізуге талпынып жатқан Астана мен Ташкент арасында бейресми бәсеке барын айтады. Бауырлас ел саналатын қос мемлекеттің қазіргі ресми көрсеткіштеріне назар салайық.
Түркістан облысы Созақ ауылында қазақтың ежелгі спорты — түйе жарысы өтті. Қырықтан аса түйе шауып, Алматыдан келген екі бойжеткен алға шықты.
Тоқаев президент болғалы Ресейге 23-рет сапар жасады. Екі күндік кездесуде Путин екеуі не туралы сөйлесті? Зерттеуші журналистер Ресей президентінің бір-бірінен аумайтын құпия жұмыс кабинеттерін анықтады. Алматыда әдебиетші, режиссер Ғалым Доскенді ақтық сапарға шығарып салды.
Алматы облысында қылмыстық топ құрды деген айыпқа іліккен Хасан Қасымбаевқа үкім шықты. Астанада наразылық танытқан адамдарды полиция ұстап әкеткен. Артынша Тоқаев тапсырма берді. Билікті сынайтын материалдар жазатын "Республика" сайты Қазақстан аумағында бұғатталып қалды.
Ресейде "жолаушыларды күткізіп қойып" намаз оқыған автобус жүргізушісінің ісі қаралып жатыр. Бұл оқиға мұсылман мигранттардың көшеде намаз оқуына қарсылықты күшейтіп, қоғамда дау өршіді.
Әскерде балалары жұмбақ жағдайда мерт болған ата-аналар Астанада наразылық танытты. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның экономика саясатын сарапшыға сынатты. Британиялық BBC телеарнасы Дональд Трамптың сөзін бұрмалап, дауға қалды.
Қазақстандық киберспортшы Даниил Molodoy Голубенко Бразилияның Furia командасымен бірге Қытайдағы киберспорт турнирінің жеңімпазы атанды.
Мақтау мен мадақ, миллиардтаған доллар келісімшарт. Ақүйдегі Орталық Азия + АҚШ саммиті өтті. | Сауда-саттық, сирек минералдар туралы туралы айтылған саммитте адам құқығы мәселесі тасада қалды ма? | Қыз алып қашқандар, қамалған журналист, мектептегі жаңа тәртіп.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапарында Астана Ибраһим келісіміне қосылғанын мәлімдеді. Бұл қандай келісім?
Вашингтонда АҚШ пен Орталық Азия саммиті өтеді. | С5+1 саммиті қарсаңында құқық қорғау ұйымдары АҚШ президентіне үндеу жолдап жатыр. | Террорист пе, қарапайым дін ұстаушы ма? Күйеулері қамауға алынған әйелдер құқық қорғаушылардан көмек сұрайды.
Ауғанстаннан әр жылдары көшіп келген, өзін қазақпыз дейтін 250 азамат көк паспортынан айырылып қалды. | Жыл басынан бері елге 11 мың қандас келген. Олардың қазақ не бөтен екенін анықтаған кім? | Президент Трамптың саясатына қарсы 34 жастағы Зоран Мамдани Нью-Йорк қаласының мэрі болып сайланды.
Каспий теңізінің жағалауынан тағы да итбалық өлекселері табылып жатыр. Қазақстандықтардың банктерге берешегі 16 триллионнан асты. Пайда ойлаған банктерге Ұлттық банктің сөзі өте ме?
Ресей ядролық бомба тасымалдайтын "Буревестник" ракетасын сынақтан өткіздік деп мәлімдеді. Бұл қандай зымыран?
Қазақстанда ет бағасы бір жылда 20 пайыз шамасында өсті. Бұл — орташа әрі ресми дерек. Кейбір жергілікті базарларда ет бірер айда 30-40 пайыз қымбаттап кетіп, жұрт желіде шуласып қалған. Бұған не себеп?
Алматыда дау тудырған мектеп қазақ тілінде ғана оқытатын болды. Қазақстанда тұрғындар әлеуметтік желідегі жазбаларына бола жауапқа тартылып жатыр. Ауғанстанда тағы да жер сілкінді. Адамдар қаза тауып, тұрғын үйлер қирады.
Ресей Украинаның Покровск қаласының 80 пайыздайын басып алды. Ал Украина президенті Еуропадан «Пэтриот» кешендерін алып, қорғанысты нығайта түскенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға «Томогавк» қанатты зымыранын беруді әлі қарастырмайтынын айтты.
Қазақстанда ет қымбаттап барады. Әсіресе сиыр етіне сұраныс көп. | Етті қымбаттатқан кім? Шаруа ма, үкімет пе? | Америкада 11 мың, Швейцраияда 37 мың теңге. Шетелдегі баға Қазақстанға да келе ме?
Тағы